Алау тобы - Тыңда

"Алау" тобы өнер жолында қарыштап алға жылжып келеді. Өздерінің эстрада сахнасына жаңадан келгендеріне қарамастан, бірнеше бейнебаянын түсіріп үлгерді. " Welcome to Kazakhstan"-мен елімізді титтей де болса шет елге таныстыруға талпынған жас топ "Гүл әпше" деп оңтүстіктің көңілді әнін орындап шықты. Мұнымен тоқтамаған алаулықтар өздерінің келесі бейнебаяндарын "Тыңда" деп, Санкт-Петербургке барып түсіріп келген екен. Баян Есентаеваның продюссерлігімен құрылған boys-band әзірге сенімнен шығып келеді. Энергиясы мол топты болашақта түрлі конкурстардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар. Себебі жас, әрі кез-келген биді жылдам үйреніп, бірдей әрекетті оңай жасайтын топтың мүмкіндігі мол.