Бақыт Шадаева - Ойла

Ел эстрадасынан алыстап кеткен тағы бір әнші қайта оралуды шешкен екен. Шығармашылық адамы үшін өзінің жан дүниесі қалайтын істен басқамен айналысу қиыннның қиыны десек те болады. Жүректен шыққан керемет нәрсені бөлісетін рухани ортасы көпшілік болғандықтан, өнер адамы үшін халықтың ыстық ықыласынан асқан ештеңе жоқ. Әрине, еңбегіңді бағалап жатса несі жаман? Сіздің шығарған дүниеңізге әртүрлі сын айтылып, жақсылы-жаманды пікірлер айтылады. "Сын түзелмей, мін түзелмейді", дегендей, эстрада жұлдыздары да әрбір айтылған сыннан сабақ алып, қайталамауға тырысады.

Елдің ерке қыздарының бірі Бақыт Шадаева сахнаға бұл жолы зор махаббатпен келген екен. "Ойла" деп әндетіп, ғашықтардың арасындағы үнсіз ғана байланысты әуезді әнмен жеткізе білген. Бейнебаянның сапасы жақсы, сценариі жоғары деңгейде ойластырылған, осыдан біраз жыл бұрын құлпырып жүрген әнші өзінің тамаша қалпын сақтап қалған екен.