Almaz & Қайрат Түнтеков - Тоқтама

"Super star" жобасының жүлдегері атанған Қайрат Түнтеков ұзақ мерзімдегі демалыстан кейін өнер жолына қайтадан бет бұрды. Өзінің жіңішке дауысымен талай жанның жүрегіне жол таба білген жігіттің тыңдармандары әлі де болса жоғалмаған екен. Алмаз Алмабековпен бірге орындаған "Тоқтама" атты жаңа әндерінің шыққанына көп болмаса да, жиырма мыңнан астам көрілім жинаған. Ара-тұра әңгімелерінде бизнеске бағыт алғанын баяндаған әнші, өнерден алыстап кете алмаған екен. 

Ал, енді "Тоқтама" бейнебаянына келер болсақ, клип әлемге танымал Питбульдің стилін бірден көз алдыңызға алып келеді. Әннің негізі Алмаз Алмабектің оқыған рэп сөздері мен Қайрат Түнтековтің әдемі орындауындағы қайырмасын тыңдайсыздар. Мұндай бағытта бұрын Ринат Заитов пен Ғаділбек Жанай "Дос" деген ән орындаған болатын.