Ерке Есмахан & Төреғали Төреәлі - Алло

Айтыс айдынынан шығып, эстрада элитасына айналған Төреғали Төреәлінің қазіргі кездегі біраз әні тыңдарман жүрегіне оңай жол тауып жүр. Әншінің кей әндері соңғы уақытта дуэт түрінде шығып жатыр. Олардың қатарына сұлулығы мен сымбаттылығы үйлескен Ерке Есмаханмен бірге шырқайтын "Алло" әні қосылды. Қос дауыстың тамаша жарасуынан туған әнді жұртшылық жылы қабылдады. Ал әншілер болса, хит бола бастаған әндеріне бейнебаян да түсіріп үлгеріпті. Клиптің негізгі сюжеті қала жігіті ауыл қызымен телефон арқылы танысуынан басталады. Көріп көңіліңіздегі ойды қалдырсаңыз болады.