Бауыржан Ретбай - Саған ғашық

"Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы атанған Бауыржан Ретбайдың алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты. "Саған ғашық" атты әніне түсірілген клипке оң бағасын беріп, мақтау сөздерді жаудырып жатқан жұртшылық көп. "Қазақстан дауысы" жобасынан кейін көрінбей кеткен Бауыржанның жаңа әнін жастар жағы асыға күткен еді. Себебі ол өзінің тамаша дауыс дарыны екендігін сол жарыста дәлелдеп үлгерген.