Дейл Карнегидің нақыл сөздері

Дейл Карнегидің нақыл сөздері

Оқырмандарға 20 ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризмдерін ұсынамыз:

  • Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.
  • Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады.
  • Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.
  • Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз.
  • Біздің басты мақсатымыз тым алысқа көз салу емес. Өзіміз көре алған жерге дейінгі қамымызды ойлай білу.
  • Қорқақтық - біздің ең басты кедергіміз.
  • Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз.
  • Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.
  • Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады.
  • Жемісі бар ағашқа ғана тас атады.
  • Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз.
  • Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы - сол лимитті азайту.
  • Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.
  • Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.
  • Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.
  • Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады.
  • Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін.
  • Өмірде махаббатқа бөленудің бір ғана жолы бар - оны ешкімнен талап етпей, махаббатты айналаға өзің төгу.
  • Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес.
  • Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз.

Сурет: salesportal.ru