Артур Төлепов – Асықтым

Актер Артур Төлепов кезекті әнін шырқап, оған бейнебаян да түсіріп үлгерді. Клиптен Артурдың Тәуекел Мүслім сынды өнер саласында жүрген достарын байқауға болады. "Асықтым" деп аталатын әннің мәтінен әншінің кімге және не үшін асыққаны белгісіз. Жақында әлеуметтік желіде оның сүйіктісіне сөз салып, кейін үйленуден бас тартқаны туралы сөз тарап кетіп еді. Дегенмен, бұл жайттан Артур "түсірілім кезіндегі сәт еді" деп түсінік берді.