Кәмшат Жолдыбаева - Падиша

"КешYou" тобының экс-әншісі Кәмшат Жолдыбаева ғажайып бейнебаянымен елді таңғалдырды. Алып киттің қасында суға түсіп, арыстанның айбатынан сескенбеген сұлу көпшілікке ерекше дүние тарту етті. "Падиша" деп аталатын әуезді әннің сөздері тарихта өз атын қалдырған танымал азаматшалардың атымен өрнектелген. Томиристен басталып, Клеопатраға дейінгі батыр әйелдерді әуеніне қосқан әнші көптеген сұлулардың бойына жігер сыйлағаны клипке жазылған жағымды пікірлерден көрініп-ақ тұр. Сонымен сапалы әрі ерекше бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.