Ұшқын Жамалбек – Бір сен үшін

Белгілі актер Азамат Сатыбалды өзін продюсерлік қырынан да танытуды жөн санаған екен. Танымал тұлғаның жақында ғана қазақ көрермендеріне жол тартқан «Бір сен үшін...» атты филімі қазірдің өзінде қызу талқыға түсіп жатыр. Себебі қоғамдағы түрлі келеңсіздіктердің алдыңғы қатарында тұрған ажырасу жағдайын өз киносында көрсете білген Азамат Сатыбалдының бұл туындысы көпшілікке ерекше әсер етті. «Қазақстан әлемде ажырасудан 27-орын алады екен. Оның көбі – жастар. Себебін біраз зерттедік, сөйтсек қазір біздің жастарда үміт жоқ екен, сенім жоқ, арман жоқ, махаббат жоқ. Сондықтан да біз жастарға ой салатын отбасы туралы фильм түсіруге ниеттендік. Мені қолдаған барша әріптесіме алғыс айтамын. Кино – көптің еңбегі. Біз бұл фильм арқылы табыс табуды көздеген жоқпыз, ондай ойымыз болса, әуреленбей комедия түсірген болар едік»,– дейді А.Сатыбалды.

Осы туындыға саундтрек жазған Ұшқын Жамалбектің орындауындағы тамаша туындыны тарту етеміз.