Нұрболат Абдуллин - Сен қорқақсың

Көңілді әндерімен халықтың сүйіктісіне айнала білген Нұрболат Абдуллин жаңа образда бейнебаян шығарды. Түріктің Сердар Ортач деген әншісінің "Сор" атты танымал әні енді "Сен қорқақсың" деп қазақша да орындалатын болды. Жұртшылық Нұрболаттың жаңа стилін испаниялық танымал жұлдыз Энрике Иглесиастікіне ұқсатқан. Креативті туынды қазірдің өзінде біраз адамды таңғалдырып үлгерді. Сонымен қазақи нақыштағы түріктің әуенін бейнебаянымен тамашалаңыздар.