Иса Әлимұсаев - Жұлдыз шығармыз

"Қазақстан дауысы" жобасында өнер көрсеткен Иса Әлимұсаев шығармашылықтағы алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды. "Жұлдыз шығармыз" деп аталатын керемет әуеннің бейнебаяны да жүректі елжіретіп жібереді. Сүйіктісінен абайсызда қол үзіп алған жігіт оны есінен бір сәт болсын тастамай, елесімен бірге өмір сүреді. Жұптасқан уақыттағы бір жүрген жерлерін аралап, оны бұл жалғаннан іздей бастайды. Алайда жүрегінен емес, өмірінен кеткен арудың қайтып келуі мүмкін емес жағдай. Бейнебаян соңында әлгі жігітке өзінің басқа махаббаты кездеседі. Жүректі дір еткізер ерекше бейнебаянды тамашалаңыздар.