Рысбек Аташ - Ұмыт бәрін

Күннен-күнге ел эстрадасында жаңашылдық пен дамудың болып жатқандығы байқалады. Әрбір әншінің түсірген бейнебаяны мен әнінің сапасы артып, жұртқа қызықты етіп жасауға әуестеніп барады. Сондай ерекше клиптің бірін Рысбек Аташ түсірген екен. "Ұмыт бәрін" деп аталатын тың туынды кең даланың төрінде түсірілген. Еркіндік пен махаббаттың естеліктерін өзінің жаңа бейнебаянында жақсы келтіре білген әншіге жұрттың жағымды пікірлері көптеп жазылуда. Сонымен Рысбек Аташтың аталған туындысын көріп ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар.