Шерхан Дархан - Күрсінбе

Жер бетіндегі ұлы сезім саналатын махаббаттың өзі де әртүрлі жолмен келеді. Кейде екі достың арасына түсіп, бір аруға ынтық қылып қоятын кездері де көз алдымызда болып тұрады. Бірі жол беріп артқа шегінбесе, келген сезімнің өкінішпен аяқталатыны тағы бар. Шерхан Дарханның орындауындағы  "Күрсінбе" атты тамаша туынды дәл осы құбылысты көрсете білген. Баскетбол ойынында жан жолдас болған қос жігіт бейтаныс аруға ғашық болып қалады. Алайда, жүректері бір-бірін ерте тапқан жандар тез арада қосылып кетеді. Бұған ашуланған екінші дос өзінің бойындағы өшпенділігін тежей алмай әлек болады. Әрбір нәрседен кек алуды көздеген сері бір күні әлгі жолдасының таяқ жеп қорғансыз болып жатқан сәтін көреді. Сол уақытта әлгі бір болмашы сезімнен достықты артық қойып араша түсуге ұмтылады. Әлгі арудың өзінің бағы болмайтынын сол уақытта түсінген жігіт барлығын баяғыша қалдыруға тырысады.