85 Carat - Кайда, Кашан

Адам баласының бойына біткен алғашқы махаббат сезімі мәңгілік өзімен бірге жүреді. Кейбір ұмыттым деген жандардың өзі сол бір ерекше жан туралы естігенде селт ете қалатыны да белгілі. Алайда, уақыт бір орында тұрмайды. Барлығы өз ағысымен зымырап кете береді. Өзін "85 Carat" деп таныстырған жігіттің "Кайда, Кашан" атты тамаша туындысы қазірдің өзінде көпшіліктің көңілін бірден тапты. Естеліктермен өмір сүріп, бірін-бірі қиялдаған баянсыз махаббаттың құрбандары соңында өз теңдерімен қосылады.