Серік Гамза-заде - Жаным

Еліміздегі танымал әншілердің қатарынан табылуды көздеп жүрген Серік Гамза-заде жаңа әнін жұртшылық назарына ұсынды. "Жаным" деп аталатын әуезді әннің ырғағы баяу әрі тыныштандырады. Алайда түсірілген клиптің сапасы мен сюжеттеріне қарап отырып, тылсым бір дүниеге кіріп кеткендей сезінесіз. Себебі әртүрлі образда өзін-өзі көрсеткісі келген әнші креативті бейнебаян түсірген екен. Сонымен көпшіліктің көңілінен шығып жатқан жаңа дүниеге назар салыңыздар.