Сапарғали Тасбалта - Үйлену керек

"Үйлену оңай, үй болу қиын" демекші, қазіргі уақытта барлығын есеппен жасап отбасын құратындар саны жетерлік. Бұл тек жігіттерге ғана емес, қыздарға да тән. Арман мен мақсатты орындау барысында өзінің жастық шағын өткізіп алып кәрі қыз бен сүр бойдақ атанып жатқандар барлығын өз жоспарына сай жасағысы келеді. Алайда зымыраған уақыттың зырылдауығы кейбір жандарға үйленудің өзін арман қылып қойып жатады. Сондай керемет әрі шынайы оқиғаны Сапарғали Тасбалтаның "Үйлену керек" атты бейнебаянынан көре аласыздар. Сүр бойдақтардың бойындағы қасиеттерді керемет аша білген клип сізге қалай әсер етті?