Ғазизхан Шекербеков - Көріктім

Соңғы уақытта Қайрат Нұртаспен бірге ән салып жүрген Ғазизхан Шекербеков жеке шығармашылығын да назарынан тыс қалдырмаған екен. Аз ғана уақыт бұрын шыққан "Көріктім" әні жастардың арасында үлкен танымалдылыққа ие болған. Енді орайын тауып осы бір ғажап туындыға бейнебаян да түсірген екен. Аталған дүниенің көріністері негізінен әншінің өзі мен сұлу қыздардың тамаша қимылдарынан тұрады. Қолына гитарасын алып әртүрлі қырынан клип көрінісін аша білген әнші талайды таңғалдырып та жатыр. Сапалы дүние қашан да қоғамда үлкен сұранысқа екендігі жасырын емес. Сонымен Ғазизхан Шекербаевтың керемет бейнебаянын тамашалаңыздар.