Апош Сарбаз - Ағама

"Ағасы бардың, жағасы бар" дегендей, әрбір азамат өзінен үлкен бауырына арқа сүйеп, ардақтап өтетіні белгілі. Оның соңынан еріп, қиналғанда қорғанышы, қуанғанда алданышы болатынына бек сенімді. Сол секілді үйдің үлкені де өзінің арқасында үлкен жүктің жатқандығын жақсы сезінеді. Кейінгілерге үлгі боларлық әрекеттер жасап, әрқашан демеу болуға тырысады. Сіздерге ұсынар келесі бейнебаянымыз дәл осы көріністі көз алдарыңызға алып келеді. Апош Сарбаздың орындауындағы "Ағама" атты туындының сюжеті ескі дәуірді көрсетеді. Гармонда ойнайтын інісіне көмегін аямаған ағасы қиыншылықта да, қуанышта да қасынан табылып жүреді. Бір үйдің қос баласының бақытты сәттерін керемет жеткізе білген клипті тамашалаңыздар.