Бүркіт - Бәрібір маған

Ерекше дауысымен елді таңғалдырып жүрген әншілердің де алдынан соқпақты жағдайлар кездесіп, халықтың қарама-қарсы пікірлері жүректеріне қаяу түсіріп жатады. Олардың жасаған әрбір туындысына негативті пікірлер жазып, ұнамсыз әрекеттерін әшкере етуге тырысатындар да жетерлік. Осындай сындарға ұшырап жүрсе де мойымайтын жандар өз жолын әрі қарай жалғастыра береді. Бұл сөзімізге "Бүркіт" есімімен көпшілікке танымал болған Айбек Сейітовтың "Бәрібір маған" атты тың туындысы тұздық болып отыр. Жұрттың жағымсыз сөздерімен жекпе-жекке шыққан әнші соңына дейін беріспеуге тырысады.