Іңкәр Әбдірәш - Сен мені ізде

"Әннің де естісі бар, есері бар" дегендей әрбір әуеннің адамға берер ерекше ыстық сезімі бар. Бірі көңіл-күйіңізді көтеріп, қуанышыңызды одан сайын арттыра білсе, енді бірі жүрегіңіздің түбінде жатқан кішкентай қылды қозғап дір еткізеді. Бүгінгі біздің назарларыңызға ұсынар жаңа бейнебаянымыз да ғажап сезімді селт еткізіп өзіне бірден бауырап алады. Іңкәр Әбдірәштің орындауындағы "Сен мені ізде" атты туынды ойды тыныштандырып, сабырға шақырады.