Индира Елемес - Тұмарым

Мөлдір Әуелбекованың қол астында жүріп талай дүниелердің қыр-сырын үйренген Индира Елемес бүгінгі таңда өнердің не екенін жақсылап түсінгендей сыңай танытуда. Араға аз уақыт салып көптеген жаңа ән шығарып, әртүрлі форматтағы бейнебаяндарын да көпшіліктің назарына ұсынуда. Енді ғана жарыққа шыққан "Тұмарым" атты тамаша туындысы ақ пен қара алмасқан өмірдің бір көрінісін суреттейді. Ырғақты би, сапалы түсірілім, ерекше стиль тың дүниенің ажарын ашып тұр.