Самат Әзімқұл – Қызғана берем

Әрбір адамның бойында қызғаныш сезімінің бары рас. Кейбір жандар өзінің осы бір жаман тұсын жеңіп, ерік бермесе, енді біреулері қызбалыққа салынып, барлығының астаң-кестеңін шығарады. Бүгінгі біздің назарларыңызға ұсынар бейнебаянымыз да осы тақырыпта өрбімек. Жас әнші Самат Әзімқұлдың орындауындағы "Қызғана берем" атты жаңа дүние жүрегіңізді елжіретіп жіберетіні сөзсіз. Негізінен махаббаттың мекенінде мұндай майдандар жиі болып тұрады.