Дидар Кәден – Жүрегімдесің

Өзінің тамаша туындыларымен тыңдармандарын қуантып жүрген жас әнші Дидар Кәден тағы бір жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. "Жүрегімдесің" деп аталатын тамаша клиптің сюжеті де өте әсерлі түсірілген. Махаббаттан бас тартып, бақытын байлықтан іздеген сұлу соңында барлығының қате болғанын ұғынады. Алайда ол кезде ұлы махаббаттың да алауы қос жүректен сөніп үлгерген екен.