Бақтияр Жанат - Сені іздеймін

Жақында ғана Алматы қаласында өткен Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерекше өнер көрсеткен Айза Иманбек жұртшылықтың назарында екендігі белгілі. Өзінің керемет талантының арқасында ел намысын мұз айдынында қорғап жүрген сұлу енді актерлік қырымен де таныла бастады. Камера алдында бар шеберлігін салған сұлу жаңа бейнебаянның жақсы кейіпкеріне де айнала білді. Аталған туындының идеясы мен сюжеті адамды бірден өзіне баурап қана қоймай, керемет әсер сыйлайды. Бақтияр Жанаттың орындауындағы "Сені іздеймін" әніне түсірілген тың туындының көріністері де керемет әсер сыйлайды. Сонымен мұз айдындағы ғажап клипті назарларыңызға ұсынамыз.