Сәкен Майғазиев & Әсет Есжан - Жыламасын сәбилер

"МұзАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев пен соңғы уақытта керемет әндерімен көзге түсіп жүрген Әсет Есжан қосылып дуэт орындады. "Жыламасын сәбилер" атты тамаша туындының сюжеті де керемет ойластырылған. Үлкендердің жасаған қателіктерінен бейкүнә бүлдіршіндердің зардап шегуі қашан да көрген жанға ауыр тиетіні шындық. Адам бойындағы мейірімділік пен балаға деген құрметті арттыру мақсатында ойластырылған тың бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.