Қуандық Рахым - Қалайда

"Болайық бірге" әнімен танымал болған Қуандық Рахым тағы бір жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. "Қалайда" деп аталатын керемет ән бұған дейін де көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген. Жаңа клиптің сюжеті сері жігіт сұлу бойжеткеннің жүрегін жаулап алуына құрылған. Алайда, ештеңеге мән бермейтін арудың артынан жүгіріп төзімі таусылған жігіт, барлығын тастап кете барады. Бейнебаян соңында әлгі ғажап ару Қуандықтың артынан өзі жүгіреді. Көңілді көріністерге толы клипті тамашалаңыздар.