Айдана Меденова - Ұмыт

"КешYou" тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова соңғы уақытта өзінің жаңа дүниелерімен тыңдармандарын қуантып жүр. Әрбір шыққан әні үлкен ықыласқа бөленіп, жаңа клиптері жаңашылдықтың жаршысына айналуда. Эстрада жұлдызы бүгінде тағы бір тың туындының тұсауын кескен екен. "Ұмыт" деп аталатын тамаша әніне бейнебаян түсіріп, өзінің сүйікті фанаттарына жолдаған. Бірге бола алмаған қос ғашықтың дауысын әдемі жеткізе білген Айдананың бұл әуенді жүрекпен айтып отырғанын клип сюжетінен бірден байқауға болады.