Салтанат Бақаева – Әгугәй құрбым

"Қыз деген - қонақ" деп бекер айтпаған бабамыз нәзік жандыларды құрметтеп өткен. Оларға ерекше мейіріммен қарап, өзге әулеттің түтінін түтеткенше мәпелеп өсірген. Ары мен ұятын қырық үйден тыйып қорғаштап жүрген. Ұзатылған қыз сыңсу айтып, өзіне жақын адамдармен қоштасып, сүйіп қосылған жігітінің үйіне қарай қадам басады. Осы бір тамаша дәстүрді өз бейнебаянында көрсете білген "Арнау" тобының мүшесі Салтанат Бақаеваның орындауындағы "Әгугәй құрбым" атты тамаша әнді назарларыңызға ұсынамыз.