BN - Топ-томпақ

"BN" тобы "Топ-томпақ" атты әнге тамаша бейнебаян түсірген екен. Аталған клиптің негізгі сюжеті студенттік кездің махаббат хикаясымен байланысты. Қызға сезімін білдіре алмай қапа болған жігіт ұнатқан аруымен тек қана қиялында бірге жүреді. Бейнебаян соңында өзіне дұшпан санап жүрген өзге курстастарының құйтырқы әрекетінің арқасында ғашық жігітке сүйіктісімен бірге болуға үлкен мүмкіндік туады.