Assyl - Жауабын бер

Сұлулығымен және керемет дауысымен жұрттың жүрегін жаулап алған "Асыл" тобының арулары "Жауабын бер" атты сапалы бейнебаянын шығарды. Клипте көрсетілген кадрлер көпшілік көңілінен шыққан. Алайда, әннің мұңды болғанына көптеген жанашырлары негативті пікірлерін жазып қалдырды. "Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне" дегендей, бұл жұлдыздардың да жаңа бейнебаян шығаруда бір ойлағаны бар шығар. Сонымен біткен істің сыншысы болғанша, сүйсіне назар аударып көрген дұрыс болар.