Қоңыр тобы – Бесік жыры

Қазақы әндерімен танымал болған "Қоңыр" тобы соңғы уақытта шығармашылық сахнадан алшақтағандай болды. Аталған топты бүгінгі күнде әлеуметтік желіден ғана көрмесек, көгілдір экран беттерінен кездестіре алмай жүрміз. Әрине, дарынды әншілер өнерден қол үзіп кетуі екіталай. Сондықтан тағы да қор жинап, көпшілікті дүр сілкіндіреді деген ойдамыз. Ал, әзірге, "Бесік жыры" атты бейнебаяндарының бірін назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз.