Роза Рымбаева - Өткен күндер

Қазақ эстрадасының күміс көмей әншілерінің бірі Роза Рымбаева "Өткен күндер" атты естелікке толы бейнебаянын жарыққа шығарды. Сонау кеңестік кезеңнің ескірмейтін видеоларымен бүгінгі күндегі жетістіктерін қатар көрсеткен бейнелерін көру арқылы, Роза Қуанышқызының соңына мол мұра қалдырғанын байқауға болады. Сонымен қатар бейнеклипке әншінің қос ұлы да түскен. Талай жасқа келсе де тартымдылығы мен сүйкімділігін жоғалтпаған жұлдыздың жаңа бейнебаянын тамашалаңыздар.