Нұрлан Албан - Шалқыма

Қазақылықты өз бойынан бірден көрсететін әншілердің бірі - Нұрлан Албан. Дәстүрлі әуенді дәріптеп, атадан қалған мұраны болашақ ұрпаққа жеткізуге ұмтылып жүрген жұлдыздың өнеріне тәнті болмайтындар аз шығар. Әжелерімен де көпке дейін хит болған сері бұл жолы Үкілі Ыбырайдың "Шалқыма" әнін орындап тамаша бейнебаян түсірген екен. Заманауи нақышта өңделген әуен сіздің де көңіліңізден шығатыны анық.