Әлімбек Келдібай - Бірақ, бірақ

Жаңа бейнебаянында Джеймс Бондтың рөлін сомдаған Әлімбек Келдібай "Бірақ, бірақ" атты тамаша әнін ғаламтор жұртшылығының назарына ұсынды. Барлығын мұқият әрі сапалы жасаған жұлдыздың қасында сұлу да сымбатты ару басты рөлдердің бірін сомдайды. Сонымен қатар  көріністерден белгілі актер Әсет Иманғалиевтің де сұсты образын көруге болады. Бір сөзбен айтқанда, шытырман оқиғаны өз бейнеклипінде көрсете білген әншінің жаңа туындысын тамашалаңыздар.