Әсем Омар – Алдама

Әрбір клиптің өзіндік сценарийі мен жанры болады. Оның өзі әуеннің ырғағына, сөзіне қарай таңдап алынады. Әсем Омар өзінің "Алдама" атты жаңа туындысында күншығыс елінің стиліне ден қойған екен. Олардың ұлттық киімдері мен камикадзелердің өмірінен қысқаша көріністер ұсынған. Аталған туындының ерекше екеніне көпшіліктің бір тобы таңданыстарын білдірсе, екінші жағы жағымсыз пікірлерімен бөлісуде. Қайткенмен де әркімнің өзіндік ойы бар. Ал, жаңа клип сізге қалай әсер етті?