Əбдіжаппар Əл­қожа - Тəтті ару

Роза Әлқожаның соңынан өнер жолын жалғаған Əбдіжаппар есімді інісі де эстрада да өзінің дара жолын салып келеді. Талай тамаша өлеңді өмірге алып келіп келіп, тыңдармандарын қуантудан жалығар емес. Ерекше дауыс иесі жаңадан "Тəтті ару" атты әніне бейнебаян түсірген екен. Клип барысында айға сапар шегіп, сүйгені үшін барлығына дайын екендігін көрсете білген жігіт  соңында сұлуға ұсыныс жасап, өз бақытын тапқандай сыңай танытты. Сонымен көңілді әнді естіп, елітер бейнебаянды тамашалаңыздар.