Олжас Абай – Жарым да сен

"Осhоооu" атымен танымал болған жігіттің бүгінгі күнде аяқ алысы жаман емес. Жаңа идеялармен түсірілген клипі бар көңілді әндері көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әуендерінің қатарынан орын алып жүр. Аталған әншінің шын есімі – Олжас Абай. Әрқашан сергек жүріп адамдарға өзгеше энергия сыйлайтын жігіттің әрбір әні бойыңызға жылулық таратып, көңіліңізді бір серпілтеді. Олжастың орындауындағы "Жарым да сен" атты әнді тыңдап, көңілді клипті тамашалаңыздар.