Әлішер Қайратұлы - Бізбен бірге

"Алматы түні" әнін Қайрат Нұртаспен бірге орындаған Әлішер Қайратұлы, эстрадаға жарқ етіп келді десек қателеспейміз. Өзге біреулер ондаған ән жазып, орындайтын жер таппай жүргенде, жас бала өзінің батылдығымен қазақ эстрадасының ханзадасы саналатын әншімен дуэт құрып, елді таңқалдырып тастады. Бүгінде біршама жеңіске жетіп, мол еңбектеніп жатқан әншінің "Бізбен бірге" атты жаңа өлеңі жарыққа шықты. Оған түсірілген бейнебаян ҚаззҰУ қалашығында өткен. Жастардың көңілін көтерер әннің қалай болғанын тамашалаңыздар.