Төреғали Төреәлі, Томирис Ерболатқызы - Аға мен қарындас

Ұлы дала баласы тағы бір жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Томирис Ерболатқызымен қосылып шығарған "Аға мен қарындас" деп аталатын әннің негізгі сюжеті ескі дәуірді көрсеткен. Қазақша нақыштағы киім киген қос әнші бір әулеттің тамаша көрінісін бере білген. Сапасы жоғары клиптің ішінде танымал актер Дулыға Ақмолда да ойнайды. Сонымен ұлы дала баласының жайлаудағы жаңа бейнебаянын назарларыңызға ұсынамыз.