Арманай - Сен маған керексің

Әрбір мамандықтың өзінің ауыртпалығы мен қызығы бары һақ. Егер адам баласы таңдаған жұмысына қызығушылық танытып тұрса, кез келген қиындықтың шешімін оңай тауып алады. Бүгінгі таңда сәнді фотосессиялар мен керемет суреттер ғаламтордың жұлдызына айналу үшін өзінің зор септігін тигізуде. Арманайдың жаңа бейнебаяны фотограф қыздың керемет безендірілген студиясындағы қызықты сәттер мен өз бақытын күтіп жүргенін жақсы көрсете білген. Клипке түскен кішкентай балалар, жұптасқан ғашықтар, ғажап ойыншықтар – мұның барлығы қыздың өз махаббатын асыға күтіп жүргенін сездіреді. "Сен маған керексің" деп аталатын ән клипін тамашалаңыздар.