Ахан Отыншиев Шу бойында кімді іздеп жүр?

Осыдан бірнеше жыл бұрын "X-Factor" жобасына қатысып, бағын сынап көрген Ахан Отыншиев бүгінде бірнеше ән жаздырып, эстрададағы мансабын бастап кетті. Күні кеше ол "Шудың бойында" атты әніне түсірілген бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды. Сюжеттік құрылымы жағынан комедия жанрында түсірілген клип көңіл-күйді көтеретін әнмен үйлесім таба алды десе болады. Ал Ахан Шу бойында кімді немесе нені іздеп жүргенін видеодан біле аласыздар.