Айбек Қоңырбай - Әдемі

Сұлу көрсе жүрегі елжіреп, танысудың амалын іздеген жігіттер, қандай әрекетке болса да баруға дайын тұрады. Арудың маңайынан өзге бір серіні көрсе қабақтарын түйіп, қарсылас қатарынан жою үшін сан түрлі айла-тәсіл ойлап табады. Сондай керемет көріністің бірі – Айбек Қоңырбайдың бейнебаянында. Белгісіз кафедегі бармен жігіттің назарына кереметтей бір ару ерекше байқалады. Бейтаныс жанның жүрегін жаулап алуға ұмтылған жігіт даяшының да, сол мекеннің бақылаушысының да образына кіріп, көрікті қыздың қасынан табылуға тырысып бағады. Көңілге құштарлық сыйлаған кербез қызға арнап "Әдемі" деп әндетіп, соңында бір жапырақ қағазды қолына қондырады.