Айбек Бекбосын & Ерболат Құдайберген - Саржал күйі

Семей полигоны талайдың есін шығарып, дүниеге кемтар жандардың қаншамасын алып келгені белгілі. Сұрапыл дүние елді ғана еңбексіз һалге түсірмей, жерге де қаншама залалын тигізгені рас. Жабылғанына біршама уақыт болса да ұшқыны шығыс төңірегінен әлі де болса кете қоймады. Осы бір қасіретті орынды қайғырып еске алатындар елдің сол кездегі жағдайын жақсы біледі. Бүгінде көңілге кірбің салған осы бір полигонның қандай көрініс бергенін өздерінің бейнебаяндарында көрсете білген Айбек Бекбосын мен Ерболат Құдайбергеннің "Саржал күйі" деген тамаша туындысын назарларыңызға ұсынамыз.