Ғаділбек Жаңай - Ханшайымым

Өңделмеген нұсқасымен хит болған Ғаділбек Жаңайдың "Ханшайымым" әні талайдың жүрегіне жылы ұшырағаны рас. Бірден көпшіліктің көңілінен шыққан ән толығымен өңделместен жан-жаққа жылдам таралып кетті. Бәлкім ән осы күйінде халыққа қатты ұнаған шығар. Енді осы бір тамаша әуенге бейнебаян түсіріліп, тыңдарман қауымға жол тартқан екен. Бір отбасының көрінісін суреттеген клиптің басы мен аяғы тамаша үйлесін тауып, көңіліңізге жағымды әсер қалдырады.