Renzo - Bounce

"Juniors" тобы ыдырағаннан кейін продюсер Алуа Қонарова олардың орнын басатын жаңа топ құруды жоспарлайтынын айтқан еді. Көп кешікпей Қазақстан шоу-бизнесіне 4 жігіттен құралған жаңа "Renzo" атты топ таныстырылды. Топтың атауы жапон тілінен аударғанда "Үшінші ұл" дегенді білдіреді. Танымал продюсердің алғашқы жобаларының бірі "Ringo" тобының атауы да жапон тілінен алынғанын ескерсек, ол "Renzo" жігіттері ағаларына тартып, биік жетістіктерге жетсін деп ырымдаған секілді. Алғашқы бейнебаяндарын таныстырған жаңа топтың қандай ерекшеліктері барын видеодан көріңіздер!