Нұрболат Жұмат - Болмайды келмесең

Әрбір жаңадан шыққан әннің тыңдалатын орны, аудиториясы бар. Жалпыға бірдей ән болғанымен, біреуге ұнаса, біреуге ұнамауы мүмкін. Себебі, ол адамның жан тебіренісі, өмірге көзқарасы мүлде басқаша болауы мүмкін. Музыканың керемет бір күші, сізді күлдіріп тұрып жылатып, мұңайған сәтте жұбата алады. Жүректің ең түкпіріне жететін әуенді тыңдаған кезде, көңіліңіз шат болары сөзсіз. Әрине, барлық әуен жағымды бола бермейді. Олар да көңіл күйіңізге қарай, айналаңыздағы болып жатқан оқиғаға байланысты шырқалып отырады. Осы тұста қазақ эстрадасаның аға буын өкілдері алға сүйреп келе жатқан жас әншілері креатив пен жаңашылдыққа құмартып жүр. Жаңа стиль, әдемі образдар, ерекше бейнебаяндар – мұның барлығы қазіргі қазақ әншілерінің шет елдің ең жақсы өнімдерін саралай келіп қорытып жатқанын байқатады. Дәл осындай керемет креативті әнді Нұрболат Жұматтың орындауында тамашалаңыздар. Әнге сөздік қорды молынан пайдаланбаса да, қазіргі заман талабына сай жазылғаны көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, "тұтынушы не қалайды, сатушы соны береді".  "Болмайды келмесең" деп сүйгенін сүйіспеншілікпен шақырған Нұрболаттың жаңа бейнебаян назарларыңызда.