Ерболат Құдайбергенов - Жауынгер

Қазақтың рухын асқақтатып, жігіттерінің намысын ояту мақсатында айтылған Ерболат Құдайбергеновтің жігерлі әндері жетерлік. "Біздің жігіттер", "Мен қазақпын" сынды әндерінің сөзі мірдің оғындай. "Сүр бойдақ" пен "Бойжеткен" деп сұлулардың сылқым қылықтарын әнге қосып жан-жақтылығын байқатқан, әнші бүгінде ерлердің жүрегіндегі мызғып бара жатқан батырлық қасиетті қайта ояту мақсатында "Жауынгер" атты тамаша әнін шығарған екен. Әскери борышын өтеуден бас тартып,  еркін өмірден арылғысы келмей жүрген жандар қаншама.

Ерболаттың жаңа бейнебаяны еліміздегі әскери мамандардың әртүрлі саласындағы біліктіліктерін көрсеткен. Қандай жағдай болмасын, жаудың бетін қайтару үшін күш салуға дайын сарбаздар бейнеклип барысында өздерінің мықты екенін де көрсеткен. Сонымен, Құдайбергеновтің Бауыржан мен Рақымжанның ізін жалғап, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген жандармен бірге түсірген клипін тамашалаңыздар.