Нұржамал Үсенбаева & Сәкен Майғазиев - Мен сенімен кездестім

"МұзАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев Нұржамал Үсенбаевамен қосылып ән орындады. Дуэт болған әншілер "Мен сенімен кездестім" атты тамаша әнге бейнебаян түсірген екен. Балалықтан басталған махаббаттың үш түрлі көрінісі клип барысында көрсетіледі. Балалық шақтан бастау алған алу сезім, ер жеткен соң да өзгермегені суреттелген. Үш түрлі бөлімнің ең соңғы көрінісін қос әнші өздері сомдаған. Қол ұстасқан ғашықтардың қашанда бір-біріне деген махаббаты адал болатынын осы бейнебаянды көру арқылы тамашалауға болады.