Асхат Тарғын - Қарындас

Бір әнмен жарқ етіп, ел эстрадасынан өз орынын тауып алған Асхат Тарғын бүгінде өнер жолына етене араласып, қыр-сырын жақсы меңгеріп алды десек қателеспейміз. "Мария" әнімен аты шығып хит болған жігіт аз ғана уақыт ішінде көптеген ән шығарып, кейбіріне тіпті бейнебаян да түсіріп үлгерген. Өзін елге танытқан той әні болғандықтан, әншінің репертуарындағы әндердің біразы сол стильде өңделген. Ал, сіздердің назарларыңызға ұсынар ән тіпті де олай емес. Әннің мәтіні ұнатқан қызымен танысу туралы болса, көрінісі қос ғашықтың ермектерімен бейнеленген. Сонымен "Қарындас" деп қазақтың ерке қыздарына арнаған Асхат Тарғынның әнін тамашалаңыздар.