Windows Blue компьютер жүйесі

Windows Blue компьютер жүйесі

Қазір Windows 8 операциялық жүйесі бейтаныс емес. Ендеше Windows 8-ден кейінгі компьютер жүйесі жайлы не білесіз? Келесі ұрпақ компьютер операциялық жүйесі Windows Blue деп аталады. Оның Windows 8 жүйесіне қарағанда жаңалықтары мен өзгешеліктері көп.

 


Соңғы Windows Blue жүйесінде фон түстерін таңдау мүмкіндігі бар.


Snap Views арқылы өз экраныңызды екіге бөле аласыз, әрі екі бөлек экранға мүлде басқалай жұмыстарды атқаруға болады. Мысалы бір жағына интернетті қоссаңыз, екінші жағына дизайн жасауға болады.


Бұл Windows Blue компьютер жүйесіндегі ең басты ерекшелік. Мұнда толық бас бетке өзіңіз көп жұмыс істейтін программаларды қоюға мүмкіндік бар. 

SkyDrive-тың Windows Blue компьютер жүйесіндегі атқаратын қызметі өте маңызды. Ол өзі түсірген суретті автоматты түрде ғаламторға жүктей алады.

Компьютердің оятарына өзіңіз қалаған музыканы немесе микрофон арқылы өз дауысыңызды қоя аласыз.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: cnbeta.com

M. Auelkhan